Жеті жылдан соң. Өткен жылдарға қарасам

Бақыттымын. Іздеп жүріп таптым десем -Мен бұрыннан бақытты жандар қатарымда болыппын-ау! Өмірдің ақ-қарасын көрмеген соң бағым барына көңіл аудармаппын.

Не өзгерді? Біріншіден, осыдан оншақты жыл бұрын бұзылған жайма-шауақ өмірім қайта оралды. Жазба жазып жан жұбатудан кеттім-ау шіркін! Тағы бір айтар кететін жайт ендігісінде әлдеқайда сауатты жазатын болдым. Көптеген азаматтарға рахмет! Соның ішінде әйел азаматтарға алғыс, білгенімде көбі журналисттер. Бірақ, бірінші орында қарапайым адамдарға рахмет өз ойдарымен бөлісіп, қолдап, иықтарын тіреген.

-Өмірден түңелмей орынды ізде балам, -деген анамның орыны бөлек.

Бүгінде, наурыздың жайма-шуақ күнінде осы  жазбамды жазып „Шешім қабылдау мен қарым-қатынас өнері„ деген жаңа бағытта бологымды (күнделігімді) жалғаймын деген ойға келіп жазып отырмын.

Жастар қатыгездігі. Бейнеленген өлім

Жұмысымнан шығып үйге қайтып бара жатқанда емхана комплекс сыртымен айналып өтетінмін. Осы жолы жұмыстан кейін үйренішікті жолмен жүріп келе жатсам алдымда су көлкіп жиналып қалыпты, айналып кету мүмкін емес, жолаушылар жолын жалғастыру үшін аурухана комплексінің қоршауындағы қақпаны ашып қойыпты. Жай уақытта аурухана комплексі ішімен ырымдап жүрмейтінмін, тек жұмысқа кешігіп бара жатқанда, асыққанда жүріп жолды қысқартатынмын.
Осы жолы кейін бұрылып жүрмес үшін аурухана комплексінің ішімен өтіп шықпақшы болдым. Бірінші үлкен корпус айналып келем, «өкпе аурулары, әйел адамдар бөлімшесі» орналасқанын есіме салып келем, келесі корпус «онкология…» іштей ойымды аяқтап үлгерген жоқпын, алдымдағы көріністен кенет тұрып қалдым, дәл осы корпус алдында көкалда, емделіп жатқан адамдар үшін орнатылған орындық үстінде…
Тік тұр… Қара киім киген жас бала. Сопақша келген адамның бас сүйегінің қаңқасын бейнелейтін масқаны киіп алыпты, адамның қаңқа сүйектері қара киім үстіне денеде орналасатын өз орындарында ақпақ етіп салып қойыпты. Осы көріністі қараңғыда елестетіп көрейік. Орындық үстінде адам қаңқасы қираң -қираң етеді, оның үстіне қарқылдап күліп, түсініксіз дыбыстарды айғайлап шығаратынын қосыңыз.
Енді осы көріністі терезеден емделіп жатқан науқас көрсе, жағдайы қалай болмақ, соны елестетіңіз?

Неге бұл ұсқынсызды ешкім тоқтатпайт дейсіз ғой?
Маңайындағы орындықтарда қара киім киіп отырған ұлдар мен қыздар, көңіл көтеріп отыр, қолдарында шөлмектер сырасын, арағын ашықтан -ашық ішіп жатыр…
Емханадан бір ер адам шыкты, әлгі жастарға бара жатыр, қолын сілтейді тараңдар деген мағынада, емхана күзетіне ұқсайды, жақындады. Орындықтан атып-атып тұрған ұлдар қыздарымен бірге әлгі адамды көз жұмып ашқанша тепуіп жықты, одан кейін еш нәрсе болмағандай тобыр болып аурухана комплексінен шығып жоқ болды.
Одан кейінғана, емханадан медбикелер шығып, жерде сұлап жатқан ер адамға көмек көрсете бастады.

Осындай қатыгездік қайдан шығат екен?

Ағылшышдар стилінде «қара» әзіл-ысқақ немесе кеш тұрмысқы құру үрдісі неге апарат? :-)

Бір адам 40 жаста үйленіпті, қыз баласы 30 жасқа толып күйеуге шығады.
Әкесі 70 жаста, көзі нашар көреді екен, күйеу баласының бетін көрмекші болып бетінен сипалап отырып, сақалынан ұстап алыпты. УжаАААААССССсссс!!! Өзі секілді шал екен….

Қызын аяп сұрапты:
-Неге оған күйеуге шықтың…
қызыннан жауап алыпты:
-Теңіңе күйеуге шық деген соң шыққаным, -депти. Ужассс!!!!!

Шал естігеніне сенбей өліп кетіпті.

Отыз жасқа келгенде махаббат туралы білгенім… (қыз -жігіт арасында)

Махаббат -өткен шақта естелік, болашақта арман, бүгінгі күнде қаққан қанатын…

Махаббат -айтып келмейді, айтып кетпейді. Бар болғанда кұның білмейсін. Жоқ болғанда құнын өтей алмайсын…

Махаббат -бағындырат ақылды жүрекке, өзі іздеп табады, өмірдің жалғау жолын қарастырады. Сеннен де, меннен де сұрамайды өзі білет…

Орақ жүзі. Адам мінезі қалай қалыптасады. Әке тәрбиесі

Шілде айының, ысыған күні, онбеске толған кезім. Үйдің көлеңкесінде отырмын, ойымда суға барып түсіп келу, жаяу емес, қара биенің  жайдақ мініп алып, ауыл шетіндегі су бөгеуіне бару. Ол үшін биені жайлып жүрген жерінен ұстап, жүгендеу керек. Әкем қалаға, нағашы апам көрші үйге, алаша құрып беруге кеткен, анам жұмысында. Үйде өзім қожамын,  сондықтан қорықпастан өз ойымды іске асыра бастадым.

Жемқорадан жем алып шығу керек, әйтпесе құр қолға далада жайлып жүрген бие ұстатқызбайды. Жем қораға ішіндемін, футболка етегін сұлыға толтырып, түйіп ұстап шығу бет ала бергенде, есік алдына көршінің жасыл «москвич 412» машинасы тоқай қалды. Әкем арт жақ есігінен шығып келет, қолында кенеп қапшық. Жалмажан етектегі сұлыны сусекке шашып жіберіп, үстімдегі футболканың қағып жатып, «қарабиенің қырсығын қараш» деп ішімнен өкіндім. Жаяу кетсем үйді қараусыз тастап кеткенім білініп қалат, үш шақырым жерге барып суға түсіп келгенше кеш батат. Бүгін суға түсіп шомылуды анығымен ұмытқан жөн болат  деп шештім.
Әкемнің үйге кіргенін қораның саңылауынан қарап тосып тұрмын, үйге кірді. Жем қорадан шыкпай тұрып үстімді тағы бір мұқият қағып үйге қарай бет алдым.
Келе жатып, басы тағы ой келе қалды «кенеп қапшық ішінде не екен?»
Үй кіре берісін кенет қапшық жатыр екен. Ішін  ашып көріп едім, ішінде шөп шабатын екі орақ басы шықты. Шөп шабуға арналған, мойында 70 саны жазылып тұр, яғни ұзындығы 70 см.
Орақ пішіні кинодағы иілген пираттар қылышына ұқсас болғанымен, айырмашылығы бар еді. Шөпті оратын жүзі ішкі жақта, сырт жағында жүз орынына доға бойымен тік бұрыш жасап игеннен пайда болған орақ қабырғасы бар екен, ол орақ басынан үшкір аяғына дейін жұқарып келіп аяқталады. Орақ қабырғасы орақ жүзіне үстінен, астынан салмақ түскенде иілгенен сақтайды. Өстіп отырғанда әкемнің дауысы естілді.
-Балам, ертең орақтарды қайратып әкелем, тиме, саусағын тиіп кетсе, кесіліп түскенін байқамайсын, -деп, біраз пауза жасап тұрды да, -балам, биылдан бастап қол орақпен шөп шабамыз, шөп шауып үйренесің –деп айтып, орақтарды кенеп қапқа орап өзімен бірге алып шықты.
Таңертен ерте оянып алдым, орақ жүзі қайрағанан кейін қалай өткір болатынын сынап көргім келіп жүрмін. Телевизордан бір көргенім де атақты жапон қылышының жүзінің өткірлігіне әсер алған едім. Сонда көрсеткендері жұқа бұлды ауаға лақтырып, қылышпен сермеп қалағанда, бұл қақ бөлініп түскені еді.
Әкем ұстаға кетіп барат, менде әкеммен ілесіп кетіп барам. Ұстахана ауыл шетінде.
Ұста ауыл адамдары ішіндегі ең бойы ұзын адам, кеудесі мығыр. Сыртынан қарағанда арқасына жүк салып қойған секілді болып көрінеді, қимылы ауыр, бірақ епті. Шаштары сирек ақпақ, төбесінде шашы түк секілді, қою апапақ қою қастары бар қара торы адам. Үстіне және астыта жырлып тимей тұрған ерін арасынан сирек тістері және қастарының астынан көзқарасы түсін суық етеді. Өмірін ұстағанада өткізген, хат танымаған екен.
Ұстаханаға келдік. Ұстахана үлкен жүк машинасын қоятын гаражға ұқсайды. Тек темір есіктері кішілеу.  Ішіне ашық тұрған есіктен және әдеттен жоғары төбеге қарай жақын орналасқан ені кең терезеден түскен жарық,  ұста көрігінде лаулап жанған от жарығы ұстахана  ішін ала-ғұла етіп тұр.
Ұста болса электр тогымен жұмыс істейтін балға астында бір жағы қызыл шоқ болып қызган темір шыбықты соғып жатыр екен. Үстінен келіп түскен төртбұрыш темір тас, астындағы қызыл шоқ темірді бір жаншығанан кейін қайтадан жоғары көтеріліп қайта жылдам түседі. Соққан балға, ұста көрігінде көмірді үрлеген ауа компрессор шуынан адам дауысы естілер емес. Бес минут ішінде ұста темір шыбықтан таға соғып шықты.
Оның босағанын тосып тұрған әкемді және мені көріп ұста жұмысын тоқтатып, ұстахасынан шықты. Әкем сәлем берді. Көп ұзамай, әкем екеуіміз үйге қайттық. Ұста қолы бос емес екен, жайлауға кететін малшылар аттарын тағалау үшін таға соғып бос болмайтынын айты, тек әкемнің сұранысы бойынша қысқаша орақты түзін қалай қайрау керектігін ауысша түсіндіріп әкем екеуімізді қайтарды.
Үйімізге дейін әкеммен ілеспей жолда қалып қойдым. Түстен кейін келсем, әкем оң қолының үлкен саусақ басын қалта орамалмен түйіп алыпты. Орақ жүзін қайрағанда тіліп алыпты. Орақтарға тисуге тиым салды.
Әкем бірнәрсеге сезіктенді ме, маған кеңес берді.
-Балам, орақтын түзі өткір ұмыт па, ұмытсан болсаң сол мезетте қолынды тіліп кетет, ішіңнен орақтын жүзінен үнемі қорқып жүр, сонда орақ жүзі сенің қолынды тілмейді, -деді өз  де шаруаларымен кете берді.
Шыдамым бір сағатқа қана жеттім.  Қораға барып тығулы тұрған орақтарды тауып алдым, біреуінде жаңа түзі бар, әкем қайраған орақ, оны қалдырып қайралынбаған орақты есік алдына алып шықтым.
Әкемнен қалып қойған кезде ұстаға барып,  ол адам қасынан шықпай жүріп орақ түзін қалай шығарғанын көріп алғанмын, сол жерден етікшінің кішкене балғасын тауып, ұстаның балғасы секілді балғаның басының  қайратып алдым. Түбінде балға үшкір жағын сіреңкенің жартысының қалындығындай, ұзындығы 7-8 мм кішкентай төртекше табан пайда болды. Осы балғаның үшкір жағымен орақ түзін соғып жұқарту керек екен. Көргенімді істеп көруге асықтым. Ұста қатты, қорқынышты адам болып көрінгенңмен, ондай адам болмай шықты, ақкөңіл ақжарқын екен. Жарты сағаты менімен кетті. Дауысы бір рет қана қатаң болды, бар айтқаны «орақпен абай бол» деп ескерткені.
Үлкен ағаш сапты балға, кувалда басын тауып оны төс қылдым. Импривизацияланған төсімді  жерге кішкене үнгіп орнаттым, жерге тізе бүгіп отырып сол қолымен орақты қабырғасынан ұстадым, оң қолымда балға. Әкемнің айтқаны есімде, бар көңілім қазіргі істейтін қимылымда, балғаны кішкене жоғары көтеріп орақ түсіне тигіздім, «түк» деген дыбыс шықты, балға серпіліп өзі көтерілген секілді, байқадым, орақ жүзіне балға табаның із түсіпті, жаншылған жері дәл  орақ жүзі, ол жер жұқарып жүз үстіне жұқа жүз пайда болды, көзге сәл көрінеді. Балға өз салмағымен қайтадан түсіп келет, төмен қарай кішкене үдетіп сермедім, көзім болса, орақ басының жүзінде, дәл түсті, алдыңғы жұқа түз ұзара түсті. Әр балға соқысынан кейін орақ жүзі жұқара түсті.
Ақырғы рет балға «түк» деп орақ жүзіне тиді, орақ шындауын аяқтадым. Аяғым ұйып қалыпты. Орақты төс артына жатқызып, арт жағыма шалқайып жатайып тұрдым. Екі құлағым шыңғырлап тұр. Түк естімейді. Үстіме қарап шықтым еш жеріме зиян келген жоқ. Құлағымдағы шу басылды, айналамды ести бастадым, жел соққаннан сылдырлаған терек жапырақтарын, көрші үйдің итінінің үргенің, үй маңынан гүжілдеп өте шыққан машинаны.
Орақты апарып орына қойдым. Кеш батты. Өзімнің бітірген ісім туралы ішкімге айтқан жоқпын. Үй ішілерде ештеңе деп айтқан жоқ барлығы күнделіктей, тек жатарда шешем «үстімді аман саусын ба» деп қарап шықты.
Таң атты, нағашы апам екуіміз таңғы астан кейін қараған кесіп алуға кеттік. Апам ылғи ертіп жүретін.
Түстен кейін келдік, әкем орақтарды саптатқызып қойыпты, қашаға сүйелген орақтар «г» әріпі ілініп қалған секілді болып көрінді. Өзім шыңдаған орақ маған табыс етілді. Орақ басы шыңдалғанымен қайралынбаған.Әкем орақ сабын жерге тіреп, орақ басын көтеріп, соқпақ қайрақ ұшымен орақ жүзінің арғы -бергі жағын  жонып қайрап берді.
Қаншалықты өткір екенін сынау үшін, ауыл шетіндегі бұлақ бойындағы қалың шөп өсіп тұрған алаңға бардық. Әкем орақ сабынан сол қолымен, оң қолмен орақ сабының ортасында бекітілген тұтқадан ұстап қимылдай бастады, кеудесімен оңға және солға бұрылады, солға бұрылғанда орақ басы жерге паралель жүріп отырып шөп түбінен қиып оң жаққа жығып түсіреді. Әкем қимылдары қайталана бастады, әр қимылынан кейін ол кішкене алға жылжиды. Бес  минут ішінде, ені бір метр ұзындығы екі метр жерде, ені бойымен кесіліп құлап шатқан шөптен тұратын текше жер пайда болды.
Бірінші күні, шөп шаба алмадым, солға қарай орақ басы кеткенде үшін жерге қадап алам немесе орақ үшіне көп шөп іліп алып, шөп сабақтары шала қиям. Солай күн өтті жаттығумен.
Екінші күні. Әкем дала басына кенеп қапшықты арқалай шықты, қаптың бір бұрышында ауыр бір нәрсе бары анық еді. Алдынғы күні орақтарды дала басында талдар  арасында жасырып кеткенбіз. Далабасына жеткеннен кейін орақтарымызды тауып алып шөп шаба бастадық. Біраздан соң, орақ жүздері қайтып қалғаны белгілі болды, қайта –қайта қайрай бергендіктен жүзі желініп қалыңдап кетіпті, қайрауға келмейді.
Орақтар шыңдау керек. Әкем қапшығынан кішкене төс алып шықты, нағыз ұстаның төсі, тек шағындау екен, менім балғамдыда ала шығыпты. Алдынғы күндегі шапқан шөпті жинап кішкене бір екі айырдай шөмеле қылып  үйген болатынбыз. Соның біреуінің жанындағы тегіс жерге әкем төсті орнаты.
-Балам орағынды шыңдап ал –деп, түк болмағандай өз шөп шауып жүрген жеріне кетіп қалды, алдынғы жолғы ескертуін ұмытқандай. Орақ басын төс үстіне қойдым, сабын арт жағымдағы шөмелеге жантайтып тіреп көрдім, төс орынында дұрыс тұр екен, кішкене ары қойса немесе бері қойса төс үстіне орақ басының түзі дұрыс жатпайды екен. Орақ басын үйде есік алдында шыңдағанымда ол саталмаған еді. Енді ескеру керек. Орақ басын мықтап ұстау қауіпсіздік кепілі, әсіресе орақ үшін шыңдағанда байқау керек. Орақ басын, орақ сабы басып кетіп, сол қолымнан шығып кетсе, не болады? Орақ үші қолымның немесе қолтық тұсыма қадалып қалу мүмкін, сонда сасқанымнан сол қолмен орақ басын ұстасам, саусақтарымды қиылары анық. Оның үстіне мазалап шағып жатқан шыбын -шіркей, сона шаққан кезде қалай сезбей шыдайсын?
Қорықтым, не істеу керек? Орақты шыңдау керек. Орақ басын төстен сырғытып түсірдім,  төс алдына тізерлеп отырдым, оң қолымен орақ сабын, сол қолымен орақ басынан ұстап төс үстіне апардым, орақ сабы орнығып шөмеле үстіне жатқанына көз жеткіздім. Сол қолыма балға алып орақ түзін шыңдай бастадым, соншалықты қорқаным ба, іске берілгенімбе, шаққан шыбын шіркей өз жайында қалды, тек құлағымда балғаның тықылдаған дауысы, көзім орақ жүзіне тиген балғадан басқа ешнәрсе көрмейді, тек бір -екі рет балғаны қойып орақ сабын қозғап, сырғып кетпесін деп орнықтырып отырдым.
Сол күннен бастап орақтарды дала басында шыңдайтын болды, жалғыз біздің ғана шөп шабатын орақтары емес, маңайдағы көрші орақшыларының орақтарын шыңдап жүрдім.
Қазір жасым 30 -да, сұраңызшы менен, «орақ басын шыңдай аласың ба?» деген сұраққа қалай жауап берер едің деп:
-Аллағи биллағы, құдай сақтасын, орақты шыңдай алмайын, ондай өнерім жоқ, -деп айтар едім. Неліктен десіз ғой? Орақ жүзін шыңдап, қайрау үшін ең бірінші таза ой, екіншіден қатты қол, үшіншіден өткір көз, төртіншіден ептілік, бесіншеден төзімділік керек. Осының біреуі жоқ болса ешқашан, орақ шыңдауға бел бума дер едім. Қазір менім ойым таза емес, бала кезде ойланбаптым көп нәрселер туралы, өлімнен қорықпаптым. Өз әкемді, әке болғансоң түсіне бастадым. Әкем ешқашан маған қол жұмсап көрген емес, шешем тек «әкеңе айтам» десе ол маган әкемнен ұрыс естіп алғандай сезілетін.
Әкем жетім бала, әке тәрбиесін көрмеген жан екен, соғыстан кейін жетім қалған балалардың бірі,  үлкен жастағы соғысқа бармай қалған қаиялар қол астында және анда-санда жұмыстан қол тиген шеше тәрбиесін көрген. Кейіннен оны интернатқа оқып тәрбиелеуге берген. Сол жылы алғашқы рет қолмен шөп шапқан жылымызда өзі алғашқы рет орақ ұстаған екен, неге дейсіз, қажеттіліктен, екіншіден мені шынықтырайын деген оймен, жасы алпысқа тағанда шөп шабуды орақшылардан барып үйреніп одан кейін мені үйреткен.

Алғашқы рет бала болып қауіпті істі атқарғанда, яғни орақты шыңдап жатқанымда, әкем маған білдіртпей мені байқап отырыпты. Істі жөнімен істегене көз жеткізгеннен кейін мені тоқтатпаған. Бірақ  мысал келтіру арқылы, мені жөнге салып отырды. Өзі әке тәрбиесін көрмеседе, аталарынан алған тәрбиесімен өмірлік тәжірбесіне сүйене отырып тәрбиеледі. Анам қанша дана болғанымен әкемдей мені талай қауіп қатерден аман алып қалуы екі талай еді.
Анда -санда жұмыс істеп отырғанда маған қасымдағылар айтады «кедергі жасап отырмыз ба?» деп, жауап берем «жоқ». Өйткені олар маған кедергі емес, оларды естіп, көзалдымда отырсада не істеп жатқандарын көріп отырған жоқпын, өйткені не істесемде көңілім орақ жүзін шыңдап отырғандай, сол мезетте ең маңызды ісім -атқарып отырған ісім, қолымнан біреу ұстап істеткізбесе жұмысымды тоқтатам, бірақ қайтадан қолыма алсам тура тоқтаған жерімнен жаңылмай жұмыс істей беретін болдым. Осы қасиетімді сол бала кезімде орақ шыңдағанымда қалыптастырдым. Әке сөзі, әлі құлағымда…

Әйел адамдармен бұлай еткен әділетті ме?

Сәби балалары бар және  ажырасқан әйел азаматтардың кейбіреулерінің басында келесі жайттар бар.

Бала әкесі, баласын көруге келе берет, 1-5 жыл өткенен кейін жаңа жанұя құрат. Онда бәрі жақсы.
Бала әкесі бар екенін білет, айел болса «өгей әке көрсетпей» деп тек бала үшін өмір үсіреді.

Түбінде әйел адам жалғыз қалат, бала жалғыз өседі.

Егер әкесі баласына бармай, әйелін байламай (екі жақтың алдын-ала келісумен), әйел адамға жаңа тұрмыс құрғанға мүмкіндік берсе. Баланы тәрбиелеп, өз баласындай өсірген адам бөтен болмас. Өскенен кейін, бала әкесін, әке жақ туыстарын таба жатады. Одан кейін әке шешесін түсінетін шығар. Бала неге әкесіз болу кереук, неге шешесін өмір бойы жалғыз қалу керек? Неге тағы бала сүймеу керек?

Осы проблемаға қалай қарайсыздар, құрметті қауым?

Ессіз сүю

-А, а аузыңды кеңірек аш, -дәрігер қолындағы қалақпен тілді басып

-тамағын жаман болып кетіпті – алдында жатқан қағазға қаламен бір екі жолды

жылдам -жылдам жазып, бір сөздің астын сызып жіберді де, арт жағымда отырған анама қолын созып жатып,

-Апай балаңызды емханаға жатқызу керек, ангина, без ішіне ірің толған болуы керек, жаткызбаса болмайды.

Бұл естелік қайта -қайта маған келіп оралады.

Емханадағы бірінші күн. Айналамда ақпақ халатты адамдар, мені орыстың үлкен жастағы әйел адамы білегімнен мықтап ұстап, жетекке алған. Маңайымдағы барлығы орыс тілінде сөйлеп жатыр. Жетінші класс бітіргенде, мына орыс апасы менің қолымнан балабақша баласы секілді жетектеп келеді. Ұялғаным ба, соз айталмаймын, сұрақ қойса жауап ретінде не басымды изеймін, не шайқаймын. Түсінсемде, жауап бере алмаймын, тілім бармайды. Ауылда ешкім орыс тілінде сөйлемейтін.

№407 палата. Мені ішіне кіргізіп, жалғыз қалдырып кетті. Есікке қарама қарсы жақта үш үлкен терезе,  төсек орын бастары осы терезелерге тіреліпті. Палатада басқа емделіп жатқан  ешкім көрінген жоқ. Тосек орындар бір келкі жиналыпты, төсек бас жағында матраст үстінде жастықтың астында көрпе, оның тысы, төсек жайнамасы жиналыпты.

Таңдап алган орыным ортаңғы терезеге тірелген төсек. Жалғыз төсек үстінде отырған бір түрлі. Терезе алдына  аяқ ұштарымен тұрып, төртінші қабаттан көрінген айналаны зерттеп қарай бастадым. Сөйтіп тұрғанда палата есігі ашылды. Орта бойлы медбике кірді, емхана босағасын аттағаннан кейін естіген ең бірінші қазақ сөздері маған өте жылы болып естілді, ол қазақ сөздері:

-Сарсенов Қайрат? -медбике жаққа қарай бұрылдым, орта бойлы екен, үстінде жасыл түсті хирургиялық киім, оның үстінде халат екен, басында ақ түсті медициналық  қалпақ. Танылған бетте тек екі қара көзі ғана көрінеді. Көздер күліп тұған секілді. Медбике  көзінедеріне қарап тұрып қалыппым.

-Неменеге қарап қалдың? -үндемей көзімді баска жаққа бұрдым, ұялып қалдым -Жастық астында көрпе мен жастық тысы бар, тыстап ал -медбике қасыма келдіде төсек орынымды дайындап берді. Палатадан шығып бара жатып медбике:

-Біраздан соң дауыстап шақырам, процедурныйға кел, укол салам -деп, шығып кетті.

1996 жыл, мұғалім болганыма бір жыл болат. Алда мұғалім ретінде қарсы алғайы тұрған алғашқы соңғы қоңырауым, мамыр айы.

Бір уақыта:

-Аға махаббат деген не?, алдымда отырған бойжекен оқушы қыздың күтпеген сұрағы абыржатып тастады. Құлағымда айтылған сөздер қайта-қайта жаңғыртат.

Қолымдағы оқушының күнделігіне қарап қадалып отырып қалыппым.

Түске дейінгі аусымның ақырғы алтыншы сабағының аяқталуын білдіртетін қоңырау соғылды, менім қолымдағы күнделігіне қарап:

-Сабақ аяқталды, күнделікті беріңізші, мені тосып тұр, -оқушы күнделігін жауып қолына ұстаттым да, абыржағанымды білдіртпей,

-Жауапты…, -тұрып қалдым, сөз таба алмай, сол кезде оқушы күнделігін сөмкесіне салып кластан шығып кетіпті. Оның соңына қарап, өзіме ішімнен сұрақ қойдым, «махаббат не екен?», шынымен өзіме мұндай сұрақ қоймаппым ғой. Ең бірінші ғашық болдым қашан?, кімге?, қай уақытта?

Үш төрт күн ішінде аурухана үйреніп қалдым. Палатаға тағы науқастар келіп түсті, бес төсек орны да толды. Ең ересек және жасымыз жақын Вова екуіміз. Вова оң жақта, ортада мен, сол жақта жатқан онжастағы ул бала, атын ұмытып қалыппым, біз Вова екуіміз оны «Рыжий» деп жүретінбіз. Қалған екеуі 7-8 жастағылар, артынан білдік, олар жетім балалар үйінен келіп түскендер екен.

Алғашқы күннен бастап ұнатып қалған медбике аты Асемгүл екен. Екі күннің бірі кезегі келеді. Қатал болғанымен, ұйқы қашқан кезде коридордағы тұрған кушетка үстіне біраз отырып кітап оқуға рұқсат беретін.

Бір жұма өтті. Кейбір кезекшілікте болатын  медбикелер түнгі сағат үш пен төрт кездерінде бос тұрған палатаға барып ұйықтап қалатын, таңғы беске дейін. Вова бір екі күн ішінде ондай заңдылықты байқап алды. Ерте жатып, түн үш уақытынын тосатын болған.

 Бірде, Вова мені түнде оятат, ммдап тұр бізбен жүр деп қолынмен бұлғап, ұйқылы-ояулы басымды шайқадымда, теріс бұрылып жаттып қалдым. Қызық болып кетті, көзімді ашып қарадым, Вова Рыжийді үстіне отырғызып алыпты, үстеріне ақ жаулықты жауып алып, коридорға шығып барады екен. Ары-қарай не болат дегендей тосып жатырмын. Біраз уақытта көрші қыздар жататын бөлмеден шу шықты. Рыжий мен Вова жығыла сүріне төраяқтап палата кірді, түк болмаған секілді көріну үшін көрпелеріне оранып жатып қалды.

Көп ұзамай кезекші медбике барлық палата бөлмерінің есігін ашып қарап шықты.

Ертеңінде Вовадан сұрадым, «түнде не болды», олар түнде болған оқиғаны айтып шекшесінен күліп алды. Екеуі бірінің үстіне мінгесіп алып, үстеріне ақ жаулық жауып, қыздар жатқан палатаға барған. Палата есігін, кенеттен жалп еттіріп шалқасынан ашып жіберіп, екуі бірдей үкі құстың шығаратын уіл дыбысытарын шығарат, қыздар болса шала ояна сала шошып орындарынан атып-атып тұрыпты.

Кабинет есігі ашылды, қою шаштары білт-білте болып өскен, қалқайған құлағы екі жақта, бақырайған көздерімен қараған оқушы есіктен бас сұғып:

-Қайрат аға, бізде сабақ осы класста бола ма?

-Жоқ он төртінші классқа бара беріндер, есігі ашық, қазір барам -жаңағы оқушы келбетіне қарап он төрт жастағы өзімді есіме алдым.

Біз жатқан емхананың бөлімшесінде жалғыз үлкен айна, медбике отыратын үстел қасында ілінген болатын. Бірде айна алдына барып білте-білте болып өсіп кеткен шашымды қолымен қайта-қайта қайрып жөнге келтіре бастадым. Айнада кенеттен менің иығымның үстінде айнаға қараға қараған орыс қызы пайда болды. Басымды бұрып қарағанша қыз шашын резеңкемен буып жинап кетіп барады. Сол кезде кезекші медбике:

-Сарсенов, -деген Асемгүл апай дауысы шықты.

Апай осы жолы күлкісі келді ме, бетіндегі танып алған тануышты иегінің астына түсіріп, күліп тұрған жылы жүзімен:

-Сен балақай ғашық болып қалдын ғой, -мен болсам Асемгүл апайға қарап қалыппым, алғашқы рет жүзін көрдім, біреу сұраса «кімге ғашықсын?», айтар едім  сол мезетте «Асемгүл апайға» деп. Ұялғанымнан аяғымды тез басып өз палатама кіріп кеттім.

Асемгүл апайдың сөзін бір екі күнде ұмытым. Айналада қазақ баларынан өзім жалғызбын, Асемгүл апаймен, сирек біраз ғана тілдесетінмін. Көп уақыт өтпей орыс балаларымен сегізінші класстағы қазақ мектебіндегі орыс тілі берген сөздермен сөйлесе бастадым. Қазақша ойлап, орысша сөз құраған қызық екен. Бірде орысша, емхана есік алдына серуенге шығарғанда айтыппын, «қыздар арасында бір ұлмын, сендермен ойнаған қызықсыз» дегендей, тек «қыз» сөзінің орына орысша айел сөзін атып қойыптым. Қыздар жиналып төмпештегені бар. Қыздарға жақындасам күлкі нысаны, олар жиналып өздеріне белгілі себеппен төмпештеудің астына алатын болды. Іші пысқан ер балаға не керек, дәл осы. Емхана сыртындағы баталья түстен кейін көрші қыздар палатасына көшіп кететін болды. Ұлдар жақ Вова, Рыжий және мен. Қарсыластарымыз жақтын саны екі есе көп. Олардың басты қару «вафельный» ақ орамал, бастары түйншетелген, тигенде ауыртпаса да, қарусыз ұл контр шабуылын тоқтататын. Медбикелер бір -екі минутты шайқасты байқап тоқтатуға дәрменсіз еді, бәрібір балалық қылығымызды жасап үлгеретінбіз.

Түс кезі, күн жақтағы кабинет. Көлеңке жақтағы мектеп кабинетері бос емес. Кабинет ысып кетті, түстен кейін факультатив болмаса ше, үйге қатар едім. Бүгін ақырғы факультативтін сабағы. Ақырғы сабағы. Факультативке өз еркімен сегізінші мен(жане) оныншы класс оқушылары қатысатын. Тақта алдында тұрмын. Қайталайық «астында бір ноқат, үстінде бір ноқат» нүктелерді салып жүріп солдан оңға жолдарға сөздер шимай болып түсіп жатыр.

Бүгін төте жазумен ең әдемі сөздерді жазамыз… Оқушылар төте жазуды жайғана солдан оңға қарай шимай емес, әлемде ең әдемі жазу «араб» графикасы, сондықтан әдемі сөздерді, әдемі жазумен жазайық деп шештік. Бүгін сынақ, оқушылардың дайындаған сөздері: махаббат, ана, олең, өнер, дарын, сыйлык, мейрірімділік, кішіпейлділік, намыс, рух, қаһармандық. Әркімнің өзінің оң әдемі сөзі бар. Тақтаға кезек -кезек шығып жазып жатыр.

Емханаға түскендердің бірі сауығып, оның орынына басқа науқастар түсіп жатыр. Біздің плата босай берді. Рыжий бірінші болып шығып кетті. Вованың да құлағынан аққан бұлақ тоқтап сауықты, олда бүгін түске дейін емханадан шығарылып үйіне жіберілет. Вова «келе жатсан» деп, мекен жайын жазып берді. Көрші қыздар платасына, үш қыз емделіп шығып, олардың орына жаңа науқастары келіп түсті. Әзірше платада жалғыз қалдым. Біздің бөлімше тынышталып қалды. Қыздар және ұлдар арасындағы баталья өзінен-өзі жоқ болды.

Түс алдында барлық баларды медбикелер бөлмелерді желдету үшін терезелерін ашып, емхана сыртына серуенге шығарды.

-Сарсенов палатадан шық -деген Асемгүл апайдың дауысы саңқ ете түсті,  жылдам басымды жастықтан көтергендігім бе, ішім удай ашып кетті, сылтау табылды. Ішімді басып тұрып,

-Апай менім ішім аурып кетті, мен далаға шықпай қояйыншы, -дедім де қайта төсекке жата кеттім. Асемгүл апай қасымнан өтіп терезелерді форточкаларын ашты да, палатадан шыға бергенде, кішкене кідіріп тұрып, маған қарап бұрылып басын шайқады да, палата есігін ашық қалдырып жүре берді.

Біраз төсекте аунап жатып, тұрып жүргім келді. Бөлімше іші тып тыныш, коридорға шықтым, жан -жағыма қарадым, ешкім көрінбейді, барлық палата есіктері ашық жатыр екен. Коридор бойымен көз жүгірттім, оның аяғындағы үлкен терезеге көзім түсіп, терезе алдына шығып отырмақшы болып жүре бергенде, көрші қыздар палатасында, дәл ортаңғы төсек үстінде Катя отырғанын көрдім. Басқа ешкім жоқ екен.

Ол қыз менен кейін емделуге келіп түскен. Айтпақшы! Айнаның алдында, менімен бірге тұрып, шашын жинаған дәл өзі Катя екен. Маған ол жайт ойыма түскені қызық болып көрінді, неге екенін білмеймін.

Катя төсек үстінде, маған қарап отыр, тізесінде ақ емхана орамалы (бір үші түйіліп талай рет маған томпақ болып тиген), қазір Катя орамалдың бүктеліп мыжылған жерлерін қолымен сыйпап жазып отыр. Мен де, ол да тіл қатқан жоқпыз, қасына келіп отырдым. Катя тумбочка суырмасынан блокнот пен калам алып бір парағына жазу жазып жыртып маған берді.

«Хлебова Екатерина Александровна, ул. Молодежная …». Сол кезде кенеттен, менім қолынан әлгі парақты арамызда пайда болған қол жұлып алды.

-Катя сен оған не бересін? Бер ме… -Катяға көрші жатқан орыстын қызы, емхана сыртынан серуеннен келіп қалыпты, біз оның платаға кіргенін байқамаппыз.

Катя орынан үндемей тұрды да, әлгі парақты көршілес қыз қолынан жұлып алып, қолыма табыс етті.

Катя бүгін емханадан шығат. Менің көңілім біртүрлі, өзім түсіне алмаймын. Тек тыпыршып емхана коридорын ары бері кезіп жүре бердім. Аяғым талды, палата босағасына сүйеніп тұрып қалдым.

Көп ұзамай қыздар палатасынан Катя шықты. Қолында сөмкесі бар. Үстіне күртікше киіп алыпты, маған қарай келе жатыр, мен оның әр қадамын байқап тұрмын. Екі көзі менде, қасымнан өтіп барат, анық көрдім көзінен жас шығып барат. Көзім, оның көзінен айырғылысы келмейді, қозғалып шығарып тастайын десем аяғыма шынжыр орап қойғандай, қозғалтпайды. Қасымнан өтіп кетті, коридор басындағы бөлімшеге кіретін есік ашылды. Босағада орыс әйел адам тұр, Катя қасына жетіп қалды, кенет тоқтады, маған тағы жалт етіп бұрылып бір қарадыда, жылап барат, жүрісін шапшаңдатып есік сыртына шығып жоқ болып кетті. Сол кезде босаға сүйенген жерімде, құлап түсе жаздадым, аяқ астындағы еден өздігінен бір көтеріліп, бір төмен түсе бастады. Құлағанымды, құламағанымды білмеймін.

Қазір төсек үстінде төбеге қарап үндемей жатырмын, көзіме өздігінен жас келет, түсіндім неге Катя жылағанын. Катя жетпейт қасымда, осы екі апта ішінде, көзім тек Катянын көзін көріпті. Тілдесіп сөйлесіппіз, бірақ не туралы сөйлескеніміз ойымда қалмапты, тек оның дауысы құлақта, айтқан сөзін түсінгім келет, түсіне алмаймын. Көзімді жұмдым, алдымда Катя, жіп жіңішке, бойшаң, тұла бойы ақпақ,  ұзын шашын өріп сол жақ ыиғынан кеудесіне түсіріп алыпты, менің көзіме қарайды. Сөйтіп жатып ұйықтап кетіппін.

Хлебова Екатеринаны студент кезімде іздестіріп көрдім, таппадым. Шіркін адам көргені, білгені, сезгенін, ойында не барын, қағазға өздігінен түсе берсе, керек кезде алып оқыр едім, сағынған кезімде батар едім. Байқамаппым білмеппім қалай махаббат маған келгенінн. Махаббат дәмін сезбеппім, тек жоғалып кеткенде біліппін, дәмін қайтара алмай.

Факультатив аяқталды, оқушылар көбі қайтып кетті, соңында сынақ тапсыру үшін екі оқушы қалып қойды, олар сынақ тапсыру үшін бірге тақтаға шығардым. Тақта алында 9А, Б оқушылары Дархан мен Дина қатар тұр, қолдарында бор. Дана кезегі келді, ең әдемі сөзді төте жазумен жазғанға.

Оқысам «Дархан» есімін тақтаға түсті,

-Ары қарай жаза беріңдер, -жазылған сөзді байқамаған болып, телефон соғу керектігін есіме түсірген болып кабинеттен шығып кеттім. Жарасып тұрған тұрыстарын бұзғым келмеді. Тек ішімнен қуандым, ең әдемі жазу түрі, араб графикасы негізіндегі төте жазу бойжеткендердің ең жарқын сезімдерін жеткізу үшін іске асқанына.

Айтыпты ғой біреулер, «алғашқы махаббат болғанымен, адамдар алғашқы махаббатарына үйленбейді» деп, жоқ бұларда басқаша болат. Оларда уақыт бар. Барлығы жарасып тұр, не киседе келбеттері жарасат, қалай күлседе күлкілері жарасат, оқығылары келсе бірге оқит. Есімдері де жарасқан. Көздері жеткізет тілсіз бәрінде. Сенгім келмейді, сенбеймін олардың жұп болмайтына. Тек бақ берсін, тілегім менім…

Есімде әлі сол күндер,

Қайдасын балалық шақ,

Бала болып, бал сарайында

Балалық етіп, алтынбақан тепкен.

P.S. Дархан Дина болса мектеп бітіргеннен кейін үйленді. Қазір бақытты өмір сүріп жатыр. Екеуінің ортақ істері бар, наубайхана ашты. Балалы болды. Қашанда көрсеңде олар бірге. Өзім болсам уақыт өте ерекше ыстықпен алғашқы махаббатымды, балалық қылығымды сағынышпен еске алам.