Әйел адамдармен бұлай еткен әділетті ме?

Сәби балалары бар және  ажырасқан әйел азаматтардың кейбіреулерінің басында келесі жайттар бар.

Бала әкесі, баласын көруге келе берет, 1-5 жыл өткенен кейін жаңа жанұя құрат. Онда бәрі жақсы.
Бала әкесі бар екенін білет, айел болса «өгей әке көрсетпей» деп тек бала үшін өмір үсіреді.

Түбінде әйел адам жалғыз қалат, бала жалғыз өседі.

Егер әкесі баласына бармай, әйелін байламай (екі жақтың алдын-ала келісумен), әйел адамға жаңа тұрмыс құрғанға мүмкіндік берсе. Баланы тәрбиелеп, өз баласындай өсірген адам бөтен болмас. Өскенен кейін, бала әкесін, әке жақ туыстарын таба жатады. Одан кейін әке шешесін түсінетін шығар. Бала неге әкесіз болу кереук, неге шешесін өмір бойы жалғыз қалу керек? Неге тағы бала сүймеу керек?

Осы проблемаға қалай қарайсыздар, құрметті қауым?

Туралы Бақытжан Көпжасаров
http://kerekinfo.kz/profile/bake/ мұнда толығырақ

5 Responses to Әйел адамдармен бұлай еткен әділетті ме?

  1. urimtal says:

    Бала өз әкесін білуге хақылы!

  2. altygradus says:

    хмм әкесі бармау деген қалай сонда?
    Менше мәселе онда емес, пыросто ол әйелдер көбіне өмірін тек осы бала үшін өмір деп кешетіндектен болады. Тіпті әкесі араласып кеп тұрмаса да кейін тағы отбасын құрғысы келмейтіндер қаншама. Ал әкесі жәй кеп емес, шынымен көмектесіп тұратын болса ғой әрине, шын өмірде ондай аз

    • Қолымнан келгенім алимент төлеймін ай сайын, жылына бір рет қомақты ақшасын тағы берем жылына шаққанда бүгінгі күнге дейін бес мың АҚШ доллары. Баламның туған күніне мешітке барып Намазымнан кейін дұғамды тілеймін. Бұрын ақмақ кезімде бір рет әйелімнен сұрап көрдім айырылысқаннан кейін
      -Қыс келет, киім ал деп қолына 30 000 тенге күзде бергенім қайда? Мұның не бала, бала аяғында күзгі еттік, симағанынан аяғының тік үшімен жүр ғой -деп аузымды аша бергенде айтқаны
      -Берген ақшан жетпейді сенің… (айына алимент 22 000 +30 000 қысқа аяқ киім ал деп бергем) Сөз табалмай кетіп қалдым. Біраздаң соң банк қызметкері оны іздеп маған телефон соққан «задолжала по кредиту» деп…
      Әйелім жаман болмасам не мен жаман болмасам айырлыспас едік. Бәрін көтердім, бірақ тек мені жеңу үшін баланы қанағаны маған бәрінен өкініштісі сол. Ешқашан ол үшін оны кешіре алмаймын. Менім түсінігімде әйел ана адам бала қорғаушысы, қолындағы қаруы емес. Айта берсе көп… Бала әкем жоқ деп өссін ондай анада дені сауғырақ болат. Кейін өскенде тауып алып жатса теріс бұрылмаймын, көмектесем. Тек жақсылыққа сұрасын. Бұл менім басымдағы жағдай. Әйеліме ешқашан қол жұмсаған емеспін, неге оны айтып тұрсын десең ақталғандай, жауап берем, қол жұмсаймын бірден көз жұмат, қандай қылық үшін десең, баланы соққаны үшін (тек осы күнге дейін өкінетінім алты айлық баланы астына жіберіп қойдың деп аюды таяқпен соққандай соғып жатқанын үстіне түскенде өзін өлтірмегеніме өкінем, тоқтаты қорқақтық емес, әке мен шешемнің тоқтатуынан олардың кәрі қойдың жасындай жасы қалды олардың кінәсі қанша?)

      Енді дәл солай, керісінше әйел адамдардың кейбіреулерінің бастарында осындай оқиғалар бар. Айтпай ақ қойяын…
      «Әкесіміз неге өліп кетпейді жер басып жүргенше»- деп жылап отырғандарды да көрдім. Мұғалім болып жұмыс бабымен үй аралап, кірген үй босағасынан шығып бара жатып ішәмнен «басқа бермесін, менде де қыз бала өсіп келет» шыққандарым болды…

      Хайуан әке атаңған еркектерді және тасжүрек баланы сауда қылған ана атанған әйелдерді көргеннен көрмеген әлде қайда артық. Бала үшін барсаң олар ала алмаған өшін тағы солардан алат. Текке естеріңе соны тағы салып бересің… Азабын бала тартан. Тағы жек көрініштісі балалардың кішкене кезден шешесіне, не әкесіне қарсы қойып оқытып балалықтан арылытып, олардың кәусер ата-анаға деген сезімдерді ұрлайтындарды көрдім. Оны қайдан білесің? Тағы жұмыс бабы бойынша;
      -Сен неге олай әкең (шешең) туралы айтасын, сен оны ешқашан көрген емессін ғой…
      Көріп жүріп айтып жүргендерінде естідім. Көп жазып кеттім осымен доғарайын. Алған уақытыңызға кешірім сұраймын, осы жерге дейін оқысаңыз ықласыңызға рахмет деймін. Аман сау болайық!

  3. altygradus says:

    иә әрине айрылысқан адамдар арасындағы қатынастар әртүрлі ғой.
    Мдаа әрине мұғалім болғасын неше түрлі отбасын көретін шығарсың, менің подругам да бір жылдары мектепте істеп жағасын ұстап келетін кездері болатын..
    Ал көп әйелдер өштерін баладан алатыны рас. Көп байқайм ондайды, өздерінің өмірінің болмай қалғаны, ойдағыдай шықпағанына қынжылғаннан балаларына қол жұмсайтын әйелдер қаншама. Комплекс неполноценностиден баланы соғып, онымен қоса, сендер менің жолымды бөгеген, сендердің әкелерің мен құртқан деген сөздер айтылса балаға азап қой.

Пікір қалдыру